Аймақтар • 05 Сәуір, 2018

«Әйелді аяла» ұлттық акциясы өтті

562 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әйел – әлемді құтқарса, аталмыш акция әлсіз жандарды қорлық-зорлықтан қорғауға қаншалықты септігі тиері әзірге белгісіз. Дегенмен осы күндері Алматыда БАҚ, өнер және медиа өкілдерінің қатысуымен «Әйелді аяла» ұлттық акциясы жұмысын жүргізіп отыр.

«Әйелді аяла» ұлттық акциясы өтті

Сонымен 8 наурыз мереке­сінен бері – Әйелдердің шығар­ма­шылық бастамасы лигасы мен  Президент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиясы заманауи Қазақстандағы әйел рөліне арналған ақпараттық кампаниясы басталғанын мәлімдеді. Ақпараттық кампанияға еліміз­дің беделді журналистері, бло­герлері, қоғамдық ойдың көш­бас­шы­лары, әйел құқығын қор­ғау­шылары бірден қолдау біл­дірді.

«Әйелді аяла» ақпараттық кампаниясы мемлекеттік тілдегі әрі өнер жұлдыздары мен елі­міз­дің қоғам және мәдениет қай­раткерлерін әйелдердің құқық­та­рын қорғау мәселесі аясында біріктіретін Қазақстандағы ал­ғашқы ақпараттық науқанның бірі.

«Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құрамдас бөлігі болса да көп жағдайда келеңсіз оқиғалар мен төменсіту орын алып жатады. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық туралы ресми деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелдің қоғамдағы таптау­рын рөлінің кө­лең­кесінде қа­лып қояды», дейді «Сорос-Қазақ­стан» қорының Адам құ­қық­та­ры жөніндегі бағдар­­­ла­ма­сы­ның үйлестірушісі Айжан Ошақбаева.

«Әйелдердің құқықтарын іске асыруға байланысты заманауи қауіп-қатерлер мен мәсе­лелер бей­ресми, ашық пікір­талас алаң­дарында, форумдарда, мем­ле­кет­­пен диалог барысында тал­қы­ла­нып, мүмкіндігінше қо­ғам­ның түр­лі саласының на­за­рын аударуы тиіс. Біздің ақ­па­раттық кампа­ния әйелдердің құ­қық­тарын қорғау саласындағы ашық және көп қырлы диалогтың бас­тауы болады деген үміттемін», дей­ді Әйелдер шығармашылық бас­тамасы лигасының президенті Асия Хайруллина.

Ендігі жерде келесі жылға жал­ғасатын ақпараттық кампа­ния шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік және саяси бел­­сенді әйелдердің жетіс­тік­терін насихаттау жайлы бей­не­материалдар дайын­дал­мақ. Сондай-ақ әртүрлі са­рап­та­ма­лық кездесулер мен пі­кір­та­лас­тар, тақырыптық фильм­дер көрсетілімі, заманауи өнер көр­мелері өткізіледі деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар бас­тамаға қуана қосылған теле­жүр­гізушілер Дана Нұржігіт пен Ләйлә Сұлтанқызына, әнші Ақ­маржан Көшірбаеваға, Бахыт Шадаева мен Жеңіс Ыс­қақоваға, журналист Айна Дос­мұхамедқызына, Ақжелең Иса­баеваға, Аруна Әмзееваға, ак­тер Шәріп Серікке, Әсел Саға­то­ваға осы әлеуметтік жобаны қол­да­ғаны үшін алғыс білдіруде.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ