Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Еліміздің ең сұлуы анықталды

320 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Сұлулық пен қайырымдылықтың үйлесімі!» деген ұранмен өткен «Қазақстан аруы-2018» ұлттық байқауы аяқталды. Елордада өткен думанға еліміздің әр аймағынан бас-аяғы 30 ару жиналды.

Еліміздің ең сұлуы анықталды

Салтанатты кеште қазылар финалға шығатын 5 аруды іріктеп алды. Оған Динара Баймұратова (Семей,17 жаста), Сабина Әзімбаева (Алматы, 18 жаста), Маймуна Күлкешева (Астана, 19 жаста), Әлфия Ерсайын (Атырау, 16 жаста), Екатерина Дворецкая (Карағанды, 19 жаста) ілікті. Осыдан соң еліміздің ең сұлуын дәстүрлі түрде қазақстандықтар тікелей эфир арқылы өткізілген онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Оның қоры­тын­дысы бойынша, көп дауыс жинаған «Қазақстан аруы-2018» бай­қауының жеңімпазы анық­тал­ды. Нәтижесінде Атырау қаласының 16 жастағы тұрғыны Әлфия Ерсайынға 4250 адам дауыс беріп, жеңімпаз атанды.

Бұдан бөлек бірінші вице-мисс атағына Е.Дворецкая лайық деп танылса, екінші вице-мисс бо­лып М. Күлкешева танылды. Ал үшінші вице-мисс атағын
Д. Бай­мұратова жеңіп алды. Бай­қау­да бойжеткеннің қазақ тілін мең­ге­руі, әдебиет, тарих, салт-дәстүр бойынша білімі сынға түседі.

«Нәтижесін жариялаған кезде қатты қуандым. Әлфия, расын­да да бұл атаққа лайық. Өзі 16 жаста, қазақтың қарапайым от­ба­­сында тәрбиеленген. Оның бой­ында ерекше дарын бар. Қа­зақ қыздарының бәрі Әлфия­дай болса екен деймін. Нағыз ару, ең бастысы оның бойында халқына, Отанына деген сүйіспеншілігі зор. Егер ару­ымызбен көгілдір экран ар­­қы­лы ғана емес, жақынырақ, бет­пе-бет таныссаңыз, оның жү­регі махаббатқа толы екенін бай­­қайсыздар. Біз, қазылар ал­қа­­сының мүшесі ретінде олар­дың әрқайсысымен тілдестік. Әлфияны «Қазақстан аруы» деп нық сеніммен айта ал­амын», – деді Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының лау­реаты, «Құрмет» орденінің ие­гері Ырза Тұрсынзада.

Әлфия Ерсайын Атырау гума­­нитарлық колледжінің 2-курс студенті. Осы жылдың ба­­сында өз колледжінде ең әде­мі қыз болып танылса, өткен жылы «Атырау аруы-2016» бай­қа­уының үздік ондығына кір­­ген еді. Қазіргі таңда мо­де­льдік бизнесте жұмыс іс­теп­ жатыр.

Ал байқау дирек­ция­сының тех­никалық бө­лім маманы би­ыл­ғы хал­ықтық дауыс беру­дің тех­­ни­калық хаттама­сын жа­ңар­­ту­­дағы жаңа же­тіс­­тік­терін атады.

– Біздің биылғы басты мін­де­тіміз – байқаудың тікелей эфирі ке­зінде үздіксіз дауыс беруді қам­тамасыз ету болатын. Ол үшін дауыс берудің алғашқы күн­дері барынша жүктеме бе­ріліп, сынақтан өткізілді. Нә­ти­жесінде финал күні серверге түсірілген бір мезгілдегі жүктеме 30 мыңнан (2016 жыл) 70 мың (2018 жыл) пай­даланушыға дейін кө­бейіп кет­­ті, бұл бүкіл елдің үз­дік­­­сіз ха­лықтық дауыс беру мүм­­кін­­дігін қамтамасыз етті, – деді те­х­ни­калық бөлімнің маманы Раим Да­дыбаев.

Бір айта кетерлігі, ұлттық фи­­нал әдеттегідей жаңа жыл қар­­­саңында емес, Наурыз ме­ре­­ке­сі күндерінде өткізілді. 22 нау­рыздан бастап «Қазақ­с­тан аруы-2018» ресми сайтында байқау фи­на­листеріне дауыс бе­ру басталған еді. «Қазақ­стан аруы» бай­­қау­ының же­ңім­па­­зы ақшалай жүл­де­ден бөлек, люкс бренд­терімен жар­на­­ма бойын­ша бір­қатар ке­­лі­сім­шарт жа­сай­­ды және тиісінше «Әлем аруы-2018» бай­қауында Қазақ­ станның намысын қор­ғай­тын болады.

Қазақстан аруы» бай­қауы Қазақстан Рес­пуб­ликасы аума­ғын­да «Дүние ­жүзі аруы» (АҚШ), «Әлем аруы» (Ұлыбритания) сияқты ірі әлемдік байқаулардың арнайы ли­цензияларының бірден-бір иеленушісі.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»