Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ахуалын және перспективаларын талқылады, әртүрлі саладағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттілігін атап өтті. Өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты ұлғайту жолдары қарастырылды. Әңгімелесушілер екі елдің цифрландыру, жаңғыртылатын энергетика, еуразиялық континенттегі көлік-логистикалық байланыстарды дамыту салаларында кооперация перспективаларын бірауыздан белгіледі.
Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында экономикалық, сауда және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді жасасу бойынша жұмысты тездету жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар ұстанымдарды үйлестіру және қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешу үшін халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл, сондай-ақ сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдау мәселелері сөз болды. Португалия СІМ Бас директоры БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің шеңберінде Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдады. Лиссабонның елімізге халықаралық аренада қолдау көрсету дайындығын білдірді.
Кездесу барысында еуропалық тарап қоғамдық өмірдің әртүрлі саладағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған Қазақстандағы институттық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпараттандырылды.
Португал тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT стартаптар халықаралық технопаркі, сондай-ақ «Жасыл» технологияларды және инновациялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығы ЭКСПО-2017 базасында жобаларды іске асыруға ынтымақтастыққа шақырылды.
Португалия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестіктердің бірі. 2017 жыл бойынша екіжақты тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 65%-ға артып, 614,4 млн долларға жеткен. Португал инвестицияларының Қазақстан экономикасына салған көлемі 250 млн долларды құрайды.
Қазақстанда «Saraiva Associados» (архитектуралық жобалау), «SIBS» (банктік қосымшаларды әзірлеу), «RC Europa Stands» (көрме стенділерін жасау) сияқты және басқа португалиялық кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде.
Айта кетейік, П.Перейро бастаған португалиялық делегация Астанаға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалығымен өткен Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті раундына қатысуға келген болатын.
Әзірлеген Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»