Қазақстан • 05 Сәуір, 2018

Түркі академиясы әзірлеген оқулық Түркияның мектеп бағдарламасына енеді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі Кеңесі мемлекет басшы­лары­ Саммитінің шешімі бойынша Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) дайындаған «Ортақ түркі тарихы» оқулығын Түркия ұлттық білім министрлігі орта мектептердің сегізінші сыныптарында оқу бағдарламасына енгізеді. Бұл туралы Түркияның AA (Anadolu Ajans) ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркі академиясы әзірлеген оқулық Түркияның мектеп бағдарламасына енеді

Anadolu Ajans-тың хабарлауы бо­йынша, Түркия Білім министрі Исмет Йылмаздың шешімімен алдағы оқу жылында «Ортақ түркі тарихы» орта мектептерде таңдаулы пән ретінде енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Түркі Кеңесіне мүше елдер­дің Білім және ғылым министр­ліктері өкілдері мен сарапшыларының қатысуымен ортақ оқулықты әзірлеп шыққан болатын.