Бокс • 05 Сәуір, 2018

Альварес жекпе-жектен бас тартты

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу өтпейтін болды. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес пен боксшының өзі Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Альварес жекпе-жектен бас тартты

«5 мамырға жоспарланған екінші кездесуден бас тарт­тық. 18 сәуір күні комиссия тыңдалымы өтіп, ресми ше­шім шығады. Өкінішке қарай одан кейін 5 мамырға дейін жек­­пе-жекті кең көлемде жар­на­­малауға уақыт аз», деді Эрик Гомес. Айқастың өтпейтініне не­гізгі себеп – мексикалық бокс­­шының допинг дауына ілік­­кені болып тұр.

Альварестің өзі кінәсіз екенін айтып, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлерден кешірім сұрады. «Допинг дауы мені қатты таңғалдырды. Маған ешкімнің күмән келтірмегенін қалаймын. Мен бұған дейін де, бұдан кейін де «таза» спортшы болып қала беремін. Сондай-ақ НВО телеарнасынан, Tecate, Hennessy және тағы басқа демеушілерімнен және де ең бастысы жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Мен спорт­ты құрметтеймін. Өз жан­күйерлеріме сіздерді жерге қаратпауға уәде беремін деп айтқым келеді», дейді Альварес.

Сауль Альварес 17 және 20 ақпан күндері кленбутеролды анықтайтын допинг-тест тап­сырып, ол оң нәтижені көр­сеткендігі үшін бокстан уа­қытша шеттетілген-ді. Осы­дан екі апта бұрын Нева­да штаты­ның атлетикалық комис­сия­ның атқарушы директоры Боб Бен­нетт Альварес дауына байла­нысты комиссия отырысы 18 сәуірде өтетінін айтқан еді. Егер атлетикалық комиссия мексикалық боксшыны айып­ты деп тапса, бокстан бір жыл­ға аластатылуы мүмкін. Ал Аль­варес өзінің допинг қол­дан­­ғанын мойындайтын болса, жаза мерзімі алты айға дейін шегерілмек.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»