Мәжіліс депутаты Роман Ким Жамбыл облысындағы сапары барасында Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов пен облыстың этномәдени бірлестіктерінің белсенділерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қазақстанның корейлер ассоциациясымен, Тараз мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.
Жамбыл облысының отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері: ӨК «Амангельды», ШҚ «Ереке», ШҚ «Совет», ШҚ «Шайқөз», ШҚ «Береке», ӨК «Қасық» және ОҚО «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесу барысында жерді тиімді және ұқыпты пайдалану, субсидиялаудың, несие алу, ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі, АӨК дамуы картасы талқыланды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы іс-шаралар барысында елдегі ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді.
Барлық кездесулер іскерлік және ықпалдастық деңгейде өтті.