Жиын барысында білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова жаңа экономика қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша сөз сөйледі. Энергетика министрі Қ. Бозымбаев елдегі отын-энергетикалық кешенін дамыту бағыттары бойынша 2018 жылға арналған толық жұмыс жоспарын ұсынды.