«Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.