Аймақтар • 05 Сәуір, 2018

Алматыда көпқабатты үй өртенді

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Көкжиек ықшамауданындағы көпқабатты үйден өрт шықты.

Алматыда көпқабатты үй өртенді

«16:03-те Алматы ТЖД-ның 101 пультіне Жетісу ауданы, Көкжиек, 32-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде белгілі болғандай, Көкжиек шағын ауданындағы №32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 16:11-де жетті, оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі үйдің 1 мен 5-қабат аралығындағы бет жағы өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің алдын ала аумағы 1000 шаршы метр. Үйдің төбесін түгелдей өрт шалған. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр» , деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша 5 қабатты үйдің балконынан тұтанған өрт үйдің шатырын, мансардысын түгел шарпып үлгерген. Оқиға орнында штаб, екі сөндіру учаскесі құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 82 өрт сөндіруші, 25 техника жұмылдырылды. Өртенген үйден 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды.