01 Желтоқсан, 2011

Партиялық тізімін тапсырды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссиясы Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні «Нұр Отан» басқа партиялардың ішінде алғашқысы болып тіркеуден өту үшін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімін тапсырды. Бұрын мәлім болғандай, партияның ХІV съезінің шешімі бойынша оған 127 адам кірді. Бүгін партия өкілдері ОСК-ға барлық қажет құжаттарды тапсырды. Заңнама талаптарына сәйкес, тіркеу үшін қажет құжаттар тізіміне үміткерлердің аты-жөні көрсетілген съезд хаттамасы көшірмесінен басқа өтініштер, салық органдарынан берілген анықтама, әрбір үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) биографиялық мәліметтеріне қатысты барлық құжаттар да кіреді. Заңға сәйкес партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында құжаттарды тіркеу 15 желтоқсанға дейін жалғасады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар