01 Желтоқсан, 2011

Қашанда қалауымыз Назарбаев

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сөз басында бірден айтсам, мен тағдырыма ризамын. Тағдырым Те­мір­­­тауға тоғысқанына, осын­да үлкен еңбек ор­тасымен табысқаныма, Қа­зақстан Рес­публика­сы­ның болашақ Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге алғашқы шойынды қорытуға қатысқаныма, біраз жыл қоян-қолтықтаса жұмыс істегеніме, арамыздағы сыйластық қатынас сақ­талып қалуына ризамын. Осыдан елу жыл бұрын  Украинаның Мариуполь қаласынан  алыстағы Қазақ­стан­ға келгенімде, келешек өмірімнің бұлай боларын болжай алмап едім. Теміртау  бәрі­мізге үлкен еңбек мектебі ретінде ыстық.Бақытқа бөледі. Атақ-абыройымызды биіктетті. Біз еңбек ардагерлері еліміз өміріндегі елеулі оқиғаларды есімізде жақсы сақтап келеміз. Соның ішінде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайланған 1991 жылдың 1 желтоқсанын  бұл ғұмырымызда ұмытпақ емеспіз. Ол бәрі­мізге мерекелі күндей болып қалғандығы­мен қымбат. Мемлекет басшысын бүкіл халық болып сайлауға біздің қуанышымыз бөлек болды. Өйткені,  Нұрсұлтан Назар­баев­тың қолынан ғана ел басқару келетіні, биік сенімді басқа ешкім  ақтай алмайтыны жұртқа  анық еді. Өз ортамыздан қанат қақ­қан азаматтың соған лайықтығы мақта­ныш та тұтылды. Менің отбасым металлургтер әулеті саналады. Өзімнің, жұбайымның, інімнің, балаларымның комбинаттағы жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Міне, осы шоғыр­лы әулетімізбен жұп жазбай сайлауға қаты­сып, түгеліміз  Нұрсұлтан Әбішұлы үшін дауыс бердік. Содан бері бұл әулетіміздегі берік үрдіс. Қазақстанның әлемдегі іргелі мемлекет­тердің қатарына қосылуы, дамудың жаңа деңгейіне көтерілуі, бауырмалдық мен туысқандықтың, шаңырағы танылуы  ең алдымен, Елбасының  салиқалы, көрегендік саясатының жемісі екені даусыз. Біздің көңілімізге жылы жағатыны,  жүрекке жа­қын тартатыны осы мерейлі бағыт-мақсат. Сондықтан, қашанда қалайтынымыз да, таңдайтынымыз да Нұрсұлтан Назарбаев! Владимир КОЛБАСА, еңбек ардагері. Теміртау.