Білім • 06 Сәуір, 2018

ҰТЕО Жоғарғы Алқа Кеңесі құрылды

604 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 4 сәуірде  «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ мүшелері жалпы жиналысының кеңейтілген отырысында  кеңесші орган – Жоғарғы Алқа Кеңесі (ЖАК) құрылды, ол денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификаттау, лицензиялау, денсаулық сақтау саласының білім беру және ғылыми ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларының сондай-ақ үйренушілері мен  түлектері құзыреттіліктерін бағалау мәселелері бағытында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қауымдастықтардың өзара тиімді әрекет етуі үшін  осы мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуын қадағалайды.

ҰТЕО Жоғарғы Алқа Кеңесі құрылды

Отырыс жұмысына Денсаулық сақтау Вице-Министрі, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ұлттық және ғылыми медициналық орталықтардың, медициналық білім беру ұйымдарының басшылары, денсаулық сақтау саласының тәжірибелік және кәсіби қауымдастықтар өкілдері, т.б. қатысты.

Денсаулық сақтау Вице-Министрі Л.М.Ақтаева құттықтау сөз сөйлеп, ҰТЕО қызметіндегі тәуелсіз және өзін-өзі реттейтін ортаға шыққалы бергі қарқынды оң өзгерістерді, ЖАК құру арқылы алқалық шешімдер институтының енгізілуін, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін барлық медициналық қауымдастықтардың пікірлерін ұжымдық талқылауды, ортақ келісіммен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бірыңғай алаң қалыптастырудағы алғашқы қадам екендігін атап өтті.

Ашық дауыс беру арқылы кәсіби медициналық қауымдастықтар, ҚР медициналық ЖОО Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі, денсаулық сақтау саласының тәжірибелік және кәсіби қауымдастықтары, Қазақстан медициналық колледждері одағы, т.б. өкілдерінің арасынан ЖАК құрамына 15 адам сайланды. ЖАК төрағасы болып, бір ауыздан Астана қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экс-депутаты В.Н.Редкокашин сайланды, оған ЖАК алдағы қызметіндегі жоғары сенімнің, кәсібиліктің, ынтымақтастықтың, әділдіктің символы нақышталған ЖАК Президентінің Құрмет белгісі табысталды.