- Бүгін өте мықты теннисшімен кездестім. Бұл мен үшін сабақ болады. Жеңілгеніме әрине өкініп тұрмын.
- Жалпы әлемдегі ең мықты теннисшілердің бірімен кездескеніңізді қалай бағалайсыз?
- Ай бұрын бір жарыста жарақат алған едім. Соның кесірінен бүгін 100 пайыз ойнай алмадым. Допты ойынға қосу кезінде кішкене қателіктердің болғаны соның салдары деп айта аламын. Чилич артқы сызық бойынан көп шабуыл жасады. Мен кездесуде күткеннен де көп қорғанып кеттім. Бірақ, ол бір ғана соққымен мені қорғануға мәжбүрлеп тастады. Оның үстіне ол жойқын соққыларымен көп ұпайлар еншілеп кетті. Ал менің соққыларым сәл әлсіздеу болды. Арамыздағы деңгейдің өзгеше екенін байқадым. Ол ТОП-5-ке кіретін теннисші.