- «Дэвис кубогы» секілді турнирлерде көңіл-күй басқаша болады. Кездесудің басындағы 4-5 гейм бойы өз-өзімді таба алмадым. Кейінірек допты ойынға жақсы қоса бастадым. Ойынға дейін торға қарай шығу жағын көп жаттыққан едім. Соның арқасы болар көп ұпайды тордың алдына келіп алып жүрдім.
- Егер Кукушкин Чоричті жеңер болса, жұптық бәсекеге қатысуыңыз мүмкін бе?
- Ол жағын әзірге білмеймін. Чорич ұтатын шығар деп күіп отырмын. Ал негізі Никола Мектичтің өзі де осал ойыншы емес. Соңғы 2-3 апта жақсы ойнап жүр. Не де болса, сол ойыннан соң көре жатармыз.
Ермұхамед Мәулен,
Хорватия.