Теннис • 07 Сәуір, 2018

Михаил Кукушкин: Тай-брэйктегі жеңісім күллі ойынға әсерін берді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия – Қазақстан теннис матчындағы есепті теңестірген Михаил Кукушкин тілшілер сауалына жауап берді.

Михаил Кукушкин: Тай-брэйктегі жеңісім күллі ойынға әсерін берді

- Бірден айтайын «Дэвис кубогында» рейтинг деген ескерусіз қалады. Борна Чорич рейтингте менен әлдеқайда биік тұр. Алайда, бұл жеке сын емес, бұл ұлттық құрама ойыны. Мұнда маған көмектесетін адамдар көп. Бүкіл ел болып жолыма қарап отырғанда, ешкімді жерге қаратқым келмеді. Осы ой мені бүгін алға жетеледі.

- Жеңіске жетуге не себеп болды? Қарсыласыңыздан күткендей күш көре алдыңыз ба?

- Әрине, ойынның бастапқы бөлігінде ол өте агрессивті ойнады. Бірақ, кейіннен құм төсенішіне жылдам бейімделмегенін байқатып алды. Борна екеуіміз бір-бірімізді жақсы білеміз. Оның үстіне бұл ойынға АҚШтағы жарыстан бірге келдік. Ол жақта хард төсеніште ойнадық. Ал мұнда жағдай басқаша. Көбірек жаттығып, қол үйретіп алдық. Шамасы, құмға мен жылдам үйреніскен секілдімін. Онымен қоса екінші сеттің тай-брэгіндегі жеңісім маған психологиялық жеңілдік жасады. Одан кейін үшінші сеттің басында тіпті әрбір ұрған соққым ұпайға айналып жатты.