Теннис • 07 Сәуір, 2018

Диас Досқараев: Михаилге дер кезінде ақыл айттым деп ойлаймын

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баспасөз мәслихатына Михаил Кукушкинмен бірге Диас Досқараев та келді.

Диас Досқараев: Михаилге дер кезінде ақыл айттым деп ойлаймын

- Екінші сетте Михаил бір геймде брэйк жасады, алайда қайтадан өзінікін беріп қойды. Дегенмен, бұл оқиға екінші рет қайтаанып, қарсыласының геймінде жеңіске жеткен кезде біз жеңіске сендік. Қарсылас та шамамен сол тұста, сынып қалды ғой деймін.

- Бірінші сеттің 8-геймінде қатарынан қателік жасап көп қателесе бастаған Михаилге қандай ақыл-кеңес айттыңыз?

- Мен енді бірден байқағаным Михаил қарсыластың топ-спин (шиіріп тастаған соққылар) соққыларын қайтара алмай жатты. Одан кейін, сол бұрышқа қатарынан екі рет ұрып, оңға қарай бір мәрте ұр деген секілді ақылдарымды дер кезінде айтып отырдым. Менің негізгі жұмысым сол еді. Корттың түбіне қарай, яғни тордан кейіншектеп барып соққылар жасауын сұрандым. Сырт көз сыншы ғой, Михаил көрмеген қателіктерді айтып тұрдым.