Бокс кешінде алғашқы болып алаңға шыққан 48 келіге дейінгі салмақта Янг Кван мен Теміртас Жүсіповтың жекпе-жегі қазылардың біріңғай шешімімен 45:50, 45:50, 45:50 нәтижесімен аяқталды. Ал Ілияс Сүлейменов (56 келі) Мэй Квинсянды жеңді. Бекдәулет Ибрагимов өз қарсыласы Кви Чинзенің жойқын соққылардың астына алды. Үшінші раундың аяғында қытайлық боксшы нокдаун алды. Дегенмен гонг дауысына дейін шыдаған ол, нокауттан қашып жүріп аман қалды. 43:50, 43:50, 43:50 көрсеткішімен Бекдәулет жеңіске жетті.
Ал 75 келіге дейін салмақта шаршы алаңға шыққан Әбілхан Аманқұл қарсыласы Ван Женханды бірден нокдаунға жіберді. Екінші раундың аяғында төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Әбілхан Аманқұл Техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 91 келіге дейінгі салмақтағы Антон Пинчук болса рингке шыға алмай да қалды. «Айдаһарлар» өз боксшыларын бұл сайысқа сайлап қосуға жүректері дауаламаған сияқты. Антон Пинчук сөзсіз жеңімпаз атанды.