"Дэвис кубогы" жарысының ширек финалдық кездесуінде күш сынасып жатқан Хорватия - Қазақстан құрамалары арасындағы ойынның екінші күнінде есеп өзгерді. Жұптасу бәсекесінде Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин жұбы корт иелері Иван Додиг пен Никола Мектитің жұбына жеңіліп қалды. Кездесу есебі 3:1.
Енді жарыстың үшінші күні шешуші ойындар өтеді. Жоспарланған 2 жекелей сынның алғашқысы көп сұраққа жауап беруі ықтимал. Егер сол матчта Қазақстан құрамасы жеңілетін болса, онда жарыстан шығып қалады. Теке тірестің 4-матчында Михаил Кукушкин хорватиялық Марин Чиличпен ракетка түйістірмек.