Аймақтар • 08 Сәуір, 2018

Қостанайда Мәжіліс депутаты машина жасаушыларға дәріс оқыды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Альберт Рау «СарыАрқаАвтоПром» зауытындағы Корпоративтік университетке шақырылған бірінші лектор болды. Бұл университеттің ашылғанына әлі жыл толған жоқ. Сонда да жұмыс деңгейі жоғарылап келеді. Еліміздегі  белгілі қайраткерлер оның спикерлері болады. 

Қостанайда Мәжіліс депутаты машина жасаушыларға дәріс оқыды

«Болашақта біздің инженер-түлектер жұмыс берушінің ойынан шығатындай болуы керек. Мен Рудный индустриалды институты мен «СарыАрқа АвтоПром» зауытының ынтымақтаса жұмыс істеуіне күш салған едім, оның нәтижесін бүгін көріп отырсыздар – студенттер өндірісте үйреніп жүр» деді Альберт Рау.

Сонымен қатар Мәжіс депутаты әлемдегі экономика Индустрия 4.0 жолымен дамып бара жатқанын айтты. Сондықтан Елбасы өзінің Жолдауында осы мәселені айырықша міндет етіп қойды. Экономика дамуында бастан кешіретін тәуекелдер де, қиыншылықтар да болмай қалмайды. Сондықтан тездетіп экономиканың барлық саласын цифрландыруды да енгізу уақыт талабына айналды.

– Біз Индустрия 4.0 тек өндіріспен ғана байланысты деп ойлаймыз. Жоқ олай болмайды, ол барлық салада қолданылуы тиіс. Ол инфрақұрылымдарда, электронды үкімет жасауда, кадрлар даярлауда да белсенді пайдаланылуы керек. 2022 жылға қарай Қазқстан тұрғындарының 82 пайызы интернетті қолданатын болады, – деді Альберт Павлович.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай