Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Кеген ауданының әкімі болып Талғат Байеділов тағайындалды. Ол бұған дейін Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал Райымбек ауданының әкімі болып Жолан Умаров бекітілді.
Айта кету керек, Жолан Умаров аудан екіге бөлінбей тұрған сәтте Райымбек ауданының әкімі болған.
Жаңа аудандардың әкімдерін облыс басшысы халықпен кездесу барысында таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойған болатын.