Аймақтар • 08 Сәуір, 2018

Семей халқы Пасха мерекесін ынтымақпен атап өтті

776 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде орыс ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде Пасха мерекесі кеңінен тойланды. 

Семей халқы  Пасха мерекесін ынтымақпен атап өтті

Мерекеде орыс халқының ұлттық ойындары ойналды. «Истоки» хоры мен «Братцы» вокалды инструменталды ансамблінің орындауында ән-жырлар шырқалды. Достық үйінің директоры Берік Көпбаев барлық христиандарды, православ христиандары мен католиктерді Пасха мерекесімен құттықтады. Ол өз құттықтауында бұл қасиетті мерекенің православ, католик христандары үшін ғана емес, Семейдің барлық тұрғындары үшін өте маңызды, деді.

- Пасха – ғажайып мереке болғандықтан осында Орыс ұлттық мәдени орталығының шақырутуымен тәтті-дәмділерімді алып келдім,-деді семейлік тұрғын Ирина Долгих,-бала кезімнен бұл күні біз торт, бәліш пісіріп, жұмыртқа бояйтынбыз. Біз Қазақстан халқы тек ынтымақта өмір сүруіміз керек. Осы Пасха ғана емес, Рождество мен Құрбан айтты, Наурызды да үнемі барлық ұлт бірлесіп өткіземіз. Пасха мерекесінде балалар сурет салып жарысты. Түрлі спорттық ойындармен сынға түсті. Неміс ұлттық мәдени орталығының «Айнхайт» ансамблінің концерттік бағдарламасын тамашалады.

Раушан Нұғманбекова,

суреттер автордыкі

Семей