«Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы қазанның 16-сындағы қаулысына сәйкес 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде Қазақ КСР Президентін сайлау болды.
Қазақ КСР Президентін сайлаудың нәтижелері туралы оругтік сайлау комиссияларынан жолданған протоколдарды қарап, Қазақ КСР Президентін сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы мынаны хабарлайды:
Республика территориясында құрылған 21 сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілді. Дауыс беруге олардың 8 788 726-сы, яғни 88, 23 проценті қатысты.
Жасырын дауыс беру үшін сайлау бюллетеніне Қазақ КСР Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаев пен Қазақ КСР вице-президентіне үміткер Е.М.Асанбаев енгізілді.
Сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевты жақтап 8 681 276 сайлаушы, яғни дауыс беруге қатысқандар санының 98, 78 проценті дауыс берді.
Қазақ КСР Президентіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың фамилиясы сызылған сайлау бюллетеньдерінің саны 107 252, яғни қолға берілген бюллетеньдер санының 1,22 проценті. 198 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылды.
Республиканың сайлау округтері бойынша дауыс берудің нәтижесі төмендегі деректермен сипатталады».
Мұнан кейін сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізімі мен дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны, берілген дауыстар саны туралы арнайы кесте берілген. Оның қорытындысында «Орталық сайлау комиссиясы «Қазақ КСР Президентін сайлау туралы» Заңның 21-статьясына сәйкес және дауыс берудің қорытындылары негізінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 98,78 процент дауысын алған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ КСР Президенті болып сайланды деп таныды. Президентпен бірге Ерік Мағзұмұлы Асанбаев Қазақ КСР вице-президенті болып сайланды деп есептеледі» делініпті.
• 01 Желтоқсан, 2011
Қазақ КСР президентін сайлаудың қорытындысы туралы

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35