01 Желтоқсан, 2011

Елбасы қабылдады

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Бас прокурор Президентті елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі, терроризм мен экстремизм, сыбайлас жем­қорлық және бюджет қаражаттарын ұрлау фактілері бойынша өзекті қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті. А.Дауылбаев сондай-ақ объективті құқықтық статистиканы қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттің сыртқы экономикалық саладағы мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы баяндады. Бас прокурор елдегі криминогендік жағдай тұрақты қалыпта екенін, ауыр және аса ауыр қылмыстар қатары төмендегені байқалып отырғанын атап өтті. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды.