Елбасы өз Үндеуінде ұсынылған бес бастаманың әрбірі қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған жан-жақты қарастырылған бағдарлама екенін айтып өтті. Расында бұл бастамалар жүйелік сипатқа ие, орындау мерзімі анық, іске асыру механизмдері нақты көрсетілген. Дәл осы себептерге байланысты Мемлекет басшысының әлеуметтік саясатын көптеген шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері жылы қабылдауда.
Атап айтсақ, «ОНВ» неміс компаниясы бақылау кеңесінің төрайымы Криста Фухс: «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес бастамасына қатысты: «Қазақстан дұрыс бағытта келеді және осы жолдан таймасын дегім келеді», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үндеуін ГФР Бундестагының депутаты Карин Штренц те жоғары бағалап «Президенттің бес бастамасын жүзеге асыру арқылы» халықтың әл-ауқаты арта түседі деген пікір білдірді.
Елбасының әлеуметтік бастамаларын неміс іскер топтары мен сарапшылар қауымдастығы да оң қабылдады. Соның ішінде неміс экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс жаңа бағдарламаны ел экономикасын ынталандыратын маңызды шара ретінде қарастырады. Оның ойынша, бұл бастамалар Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа жақсы әсер етуі мүмкін. Неміс бизнесі Қазақстанның тұрғын үй құрылысын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ елдің оңтүстігінен Астанаға дейін газ құбырын тарту жөніндегі Қазақстанның жоспарлаған қадамдарынан екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға арналған әлеуетті көріп, оны қызығушылықпен қабылдады.
Осыған ұқсас көзқарасты неміс ғалымдары мен шолушылары Александр Рар, Урс Ункауф, Матиас Дорнфельд және т.б. да ұстануда. Олардың айтуынша, жүйелі реформалар тұжырымдамасын жүзеге асыру экономиканың одан әрі дамуы мен Қазақстан халқының жұмыспен қамтылуын арттыруға серпін береді. Бұл өз кезегінде елдің аймақтағы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі орнын нығайта түседі. Экономикалық аспектілерге қоса, неміс сарапшылары Президент бастамаларын жүзеге асырудың зор әлеуметтік әсерін баса айтты. Олардың пікірінше, бұл Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін, соның ішінде халықтың тұрмысы төмен және орташа топтарының әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік қағидаларының орнығуына, сондай-ақ әлеуметтік бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.
Германия сияқты өндірісі дамыған мемлекетте бола тұра, неміс әріптестердің Үндеуде айтылғандарға қатысты объективті пікірөлері Президент бастамаларының жаһандық мәнін түсінудің көрінісі екендігі анық. Қазіргі таңда шамамен барлық мемлекет әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін азайтудың жолдарын қарастыруда, алайда тіпті әлеуетті мемлекеттердің өзіне тиісті шешім табу мүмкін бола бермейді.
Мәселен, 15 жыл бұрын қабылданған «Агенда-2010» экономикалық бағдарламасының нәтижесіне қарамастан, Германиядағы жұмыссыздық деңгейі 5,5% (2,385 млн адам). Бұл 1990 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш болса да, осы салада түйткілді мәселелердің әлі де бар екендігі айтылуда. Тұрмысы төмен және жұмыссыз азаматтарды қолдауға арналған «Хартц-IV» неміс мемлекеттік бағдарламасы төңірегіндегі пікірталас бірнеше ай бойы жалғасуда бір партия мұны жеткіліксіз деп санаса, басқалары, керісінше аталған бағдарлама аясында бөлінетін қаржы өмір сүру үшін толықтай жеткілікті деп есептейді. Жылжымайтын мүлік пен ипотека пайызының жоғарылауы неміс қоғамын айтарлықтай алаңдатуда, осының салдарынан көпшіліктің, әсіресе жас отбасылардың қалталары баспана алуды көтермейтін болды.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасының маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның ГФР-дағы елшілігі өз құзыреті аясында еліміздің дамуы үшін бұл бағдарламаны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте инвестиция тарту, шағын және орта бизнес субъектілері арасында екіжақты байланысты дамыту, екі ел арасындағы ЖОО-мен ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан студенттерінің Германияда білім алуына көмек көрсету мәселелеріне баса мән берілуде.
Мемлекет басшысы Үндеуіне қатысты германиялық сарапшылар тарапынан оң пікірлер көптеп түсуде. Қазақстан Елбасының жетекшілігімен алдағы уақытта да елдің барлық азаматтарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тиімді әлеуметтік бағыттағы саясатымен әлемге лайықты үлгі болатындығы сөзсіз. Бұл тұрғыда Еуроодақ, Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Германия көшбасшыларымен ынтымақтастықты кеңейту – біз үшін стратегиялық мәнге ие.
Болат НҮСІПОВ,
Қазақстанның Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі