Әлем • 11 Сәуір, 2018

Ильхам Әлиев президенттік сайлауда дауыс берді

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның қазіргі президенті Ильхам Әлиев, оның жұбайы Мехрибан Әлиева және отбасы мүшелері өз таңдауын жасады.

Ильхам Әлиев президенттік сайлауда дауыс берді

Сурет: trend.az

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы Сабаиль сайлау округінің №6 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген.

Кезектен тыс өткізіліп отырған сайлауға 8 кандидат қатысып жатыр. Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтен бөлек, Социал-демократиялық партиясының өкілі Араз Ализаде, Біртұтас халық майданы партиясынан Гудрат Гасангулиев президенттік додаға түсті. «Ұлттық майдан топтарының өкілі Рази Нуруллаев және Ұлттық өрлеу қозғалысы» партиясынан ұсынылған Фарад Гулиев те ел басқарудан үмітті. Сонымен қатар, «Жаңа Мусават» партиясынан Хафиз Гуджиев пен өзін-өзі ұсынушы Захида Оруджа да кандидаттар қатарында.

Елдегі маңызды оқиғаны бақылауға әлемнің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық бақылаушы келді.

Айта кетерлігі, президенттік сайлауды 894 халықаралық және 58 175 жергілікті бақылаушы қадағалап отыр. Орталық сайлау комиссясы бес рет, 10:00, 12:00, 15:00, 17:00 және 19:00-де шараның қалай өтіп жатқаны туралы мәлімет таратады. Таңертең 08:00-де басталған сайлау кешкі 19:00-де аяқталады.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

БАКУ