«100 жаңа оқулық» жобасы отандық білім беру саласының дамуына тың серпін береді. Қазақ тілінің қолданыс аясын одан сайын кеңейте түсуге ықпалын тигізетін, қазақ тілінің ғылым тілі ретінде, сараптама тілі ретінде, бизнестің тілі ретінде дамуына себеп болатынын ескере отырып, еліміздің жоғары білім беру саласын жедел жаңғырту қажет деп санаймыз.
Жаһандық деңгейдегі ғылыми еңбектердің қазақ тілінде қолжетімді болуы ғылыми-ағартушылық ортаның барлық бағыттар бойынша жан-жақты дамуына септігін тигізіп, ерекше мүмкіндіктерге жол ашады.
Біз еліміздегі білім мен ғылым жалпы жаңғыру үрдісінің негізгі тірегі болуы керек деп санаймыз.
Ол үшін жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласының мақсат-міндеттеріне кешенді ревизия жасап, оларды дамудың жаңа талаптарына сәйкестендіру қажет.
Орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер динамикасы жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру саласын да сапалы реформалау қажеттігін көрсетіп отыр.
Табысты сынақтан өтіп, ең үздік әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істеп жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетінің тәжірибелерін белсенді түрде енгізу қажет.
Білім берудің бәсекеге қабілетті үлгісін қалыптастыру білім берудің әдістемесі мен оқулықтардың мазмұны жетілдіріп, сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жаңартуды талап етеді.
Тиісінше, жаңа міндеттерге сәйкес ұстаздардың біліктілігін көтеру және студенттер мен оқытушылардың өзгерістерге дайын болуы мейлінше өзекті мәселе.
Жоғары оқу орындарына академиялық дербестік қағидаларын енгізіп, басқару ісі мен цифрлы тәсілмен білім беруді қамтамасыз ету керек.
Түптеп келгенде, білім беру саласы адам капиталын қалыптастыруға, экономикалық білімді дамытуға және технологиялар мен инновациялардың трансфертіне бағытталғаны жөн.
Рухани жаңғыру – адам өмірінің барлық тұстарын қамтитын үрдіс.
Дамудың әрбір кезеңі бізге заман талаптарынан туындайтын жаңа міндеттер жүктейді.
Жастар ұйымдары өз тарапынан осы міндеттерді жүзеге асыруға барынша қолдау білдіріп, жастардың оған жұмыла атсалысуы үшін еңбек ететін болады.
«Қазақстан-2050» ЖҚ, «Жас Отан» ЖҚ,
«Болашақ» ассоциациясы,
«Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ,
«Қазақстан студенттері альянсы» ҚҚ