Аймақтар • 13 Сәуір, 2018

БҚО-да 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 414 шара өткізу жоспарланған

600 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғалы бері Батыс Қазақстан облысында 200-дің үстінде іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы 2018 жылға бағдарлама аясында 414 шара өткізу жоспарланған. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов «JAIYK SMART IDEAS» жастар клубының бейресми жиынында хабарлады. 

БҚО-да 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 414 шара өткізу жоспарланған

«Рухани жаңғыру» аясында былтырғы өткен 143 іс-шараның басым бөлігі жергілікті демеу­шілердің қолдауымен жүзе­ге асқан. Соның ішінде «Қазақ­стан­ның жеті кереметі» турис­тік-өлкетану аймақтық экс­пе­дициясы, «Жас эколог­тер» мен «Менің елім – Қазақ­стан» рес­публикалық форумы, колледж студенттері арасында «Ру­хани жаңғыру – бола­шақ­тың кепілі» фестивалі, бала­лар мен жасөспірімдер ансам­бль­­­дері­нің шеруі, «Туған өлке News» аймақтық медиа-фо­румы, «Бі­лім. Туризм. Ин­­те­­грация» халықаралық ғылыми-практи­калық конференциясы өтті. «Атамекен» кіші бағ­дарламасы бо­йынша бар­лығы 93 жоба тізі­лім­ге еніп, соның 67-сі мәреге жет­ті. «Әлеу­меттік бастамалар кар­­тасы» аясында кәсіпкерлер тара­пы­нан 60 жоба жасалды. Сөйтіп Ақсай қаласында спорт кешені, Бөр­лі ауданында балабақша­лар, Қазталов ауданында 12 млн тең­геге ашық аспан астындағы музей бой көтерді. 

«Рухани қазына» кіші бағ­дар­ламасы бойынша өңірде Қазақ­стан бойынша алғаш рет Батыс Қазақстан облысында «Руха­ни жаңғыру» музейі ашылды. Сонымен қатар облыс аудандарына экспедиция жүргізу арқылы Қазақстанның виртуалды картасы үшін қасиетті нысандардың GPS координаттары анықталып, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығына берілді.

Биыл бағдарлама аясында 414 іс-шара жоспарланып отыр. Бұл жобалар да негізінен демеушілер есебінен жүзеге аспақ. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 88 іс-шараға 60 мыңға жуық адам тартылады. «Ұлы Жібек жолы – ұлы достық жолы» атты Орал-Сарайшық-Атырау-Пятигорск бағытымен халықаралық тарихи экспедиция жолға шығады.

Ұлттық кодымызды сақтау­дың бір жолы ретінде Батыс Қазақстан облысында домбыраны кеңінен насихаттау қолға алынды. Мектептерде домбыра үйірмелері ашылып, үзілістік қоңырау орнына күй әуені ойнатылады. Мамыр айының екінші онкүндігінде Домбыра күнін өткізу жоспарланған. 
Облыста меценаттардың көме­гімен 247 жоба атқарыл­мақ. Олардың ішінде ауыл­дық мәде­ниет үйі, сауықтыру кешені, таза ауыз сумен қамту жүйесі секілді ірі жобалар да бар. Осындай үлкен жоба – Шың­ғырлау өзенінен өтетін кө­пір құрылысын кәсіпкер Мир­бо­лат Тасмағамбетов салып, ауыл­дастарына сыйлап үлгерді.

Республикалық жалпыұлт­тық қасиетті нысандары қата­ры­на кірген орта­ғасырлық Жа­йық қалашығы, Бөкей ордасы тарихи-музей кешені, Алаш музейі, Тақсай обалар кешені, Жұ­ма­ға­зы хазірет, ақын, қоғам қай­рат­кері Ғұмар Қараш пен күй­ші-ком­по­зи­тор Дәулеткерей кес­ене­лері­не ерекше назар аудары­лып, кө­ңіл бөлінетін болады. Сы­рым ауданындағы Алаш музе­йі күр­­делі жөндеуден өтті. Ғұмар Қ­а­раш­­тың басына кесене тұрғы­зыл­мақ. Жайық қалашығы аума­ғы­на ортағасырлық стильде кіре­бе­ріс қақпа орнатылады. Бұл со­ңғы аталған жұмыстар де­меу­ші­л­ер­дің көмегімен жүзеге асы­рылмақ.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ