Үкімет • 13 Сәуір, 2018

Үкімет басшысы Атырау облысында студенттер жатақханаларын салу жоспарларымен танысты

239 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Д. Нұрпейісова атындағы Атырау музыкалық колледжінің бас ғимаратына барып, салынып жатқан студенттер жатақханасын тексеру арқылы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысымен танысты. Бұл туралы primemiminister.kz  хабарлайды.

Үкімет басшысы Атырау облысында студенттер жатақханаларын салу жоспарларымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Н. Сайлауованың айтуынша, өңірде алға қойылған міндеттер белсенді түрде іске асырылып жатыр. Бақытжан Сағынтаевқа құрылыс нысаны — 100 орынға арналған жатақхана таныстырылды, ол биыл шілде айында пайдалануға беріледі.

Жалпы, Атырау облысында 25 колледж және 3 ЖОО бар. Білім алушылар саны — 29,6 мың адам, жатақханаларға жалпы қажеттілік көлемі —2300 орын.

Айта кету керек, колледждерге 960 орынға арналған 8 жатақхана салу бойынша жобалар жобалау сатысында тұр. Қазіргі таңда 200 орынға арналған екі жатақхана құрылысы басталды және тағы 250 орынға арналған екі жатақхана конкурстық рәсімдерді қорытындылау сатысында тұр. Құрылысты аяқтау мерзімі 2019 жылға жоспарланған.

Облыс ЖОО-ларына қажетті жатақхана орны — 850 орынды құрайды. 560 орын бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау биылғы жылдың екінші жартысына, ал 200 орын бойынша — 2019 жылға жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі аясында бүгінгі қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының үшінші бағытында студенттердің білім алу және жатақханада тұру жағдайларына ерекше назар аударылған. 2022 жылдың соңына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған студенттердің жаңа жатақханаларының құрылысын қамтамасыз ету қажет.

Бес әлеуметтік бастаманы іске асырудың Жол картасы аясында жатақханалар құрылысы 2018 жылдың қыркүйек айында басталады. 2022 жылға дейін елімізде жалпы 160-200 жатақхана салу жоспарланып отыр.

2019 жылдан бастап республикалық бюджетте құрылыс салушылардың инвестициялық және пайдалану шығындарын өтеуге қаражат қарастырылатын болады. Мемлекет тарапынан бір төсек орнына 82 АЕК түрінде (шамамен 197 мың теңге) қаражат бөлінеді.

Сондай-ақ, Үкімет заңнамалық өзгерістер енгізуді ұсынды: келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін заң жобасы әзірленді: Бюджет кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» заңдар және т.б.