5 мамырға жоспарланған GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен рематчы «Канелоның» допинг-тесттен өтпей қалғаны үшін тоқтатылды, сондықтан қазір Геннадийдің командасы белсенді түрде осы күні айқасатын қарсылас іздеп жатыр.
«Әрине, мен бұрынғыша жылына 3-4 айқас өткізгім келеді. Қазіргі жағдай маған қиын соғып жатыр. Мен боксқа деген қызығушылығымды жоғалта бастадым. Біз 5 мамырдағы жекпе-жекті жоғалтып алдық. Енді менімен бірге ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Мен өзімді жақсы сезініп жүрмін және бұрынғыша белсендімін. Мен спорттың бұл түрін жақсы көремін. Келесі жекпе-жек дәл осылай маңызды бола қоймас, бірақ бұл - жекпе-жек. Мен айқасқанды ұнатамын», - деді Геннадий баспасөз мәлихатында.