Білім • 13 Сәуір, 2018

Қазақ Гуманитарлық-заң университеті әлемдегі ең үздік елу университет қатарына енді

1800 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 31 наурыз бен 7 сәуір аралығында КАЗГЮУ Университетінің командасы Philip C. Jessup International Law Moot Court Competition атты халықаралық құқық саласындағы Филипп Джессоп атындағы Халырақалық сот процестерінің қазақстандық ұлттық және халықаралық раундтарына қатысты. Бұл туралы университет сайтында хабарланды.

Қазақ Гуманитарлық-заң университеті әлемдегі ең үздік елу университет қатарына енді

Ф. Джессоп атындағы халықаралық сот процестері АҚШ-тың Вашингтон қаласында White & Case халықаралық заң фирмасының қолдауымен International Law Student Association – ILSA ағылшын тілінде өткізетін халықаралық құқық саласындағы ең беделді және танымал жарыс.

Биыл жарыс әлемнің тоқсан бес елінің намысын қорғауға келген 645 университет командасының қатысуымен елу тоғызыншы рет өткен. Қазақ Гуманитарлық-заң университетінің командасы КИМЭП Университетіне қарсы екі раунд қорытындысы бойынша ұлттық кезеңнің жеңімпазы атанып, Қазақстанның атынан шығатын болды. Халықаралық раундтарда Университет командасы University of Toronto (Канада), Case Western Reserve University (АҚШ), BRAC University (Бангладеш) және Hena e Plote (BEDER) University (Албания) секілді беделді оқу мекемелерінің командаларымен бәсекелестікке түсті. Нәтижесінде Университеті командасы жалпы 3050 ұпай жинап, 49-орынға ие болды.

Байқау рейтингінде университет командасы University of California – Berkeley (АҚШ, 60-орын), Universität Wien (Аустрия, 53-орын), University of Ottawa Faculty of Law – Common Law Section (Канада, 57-орын), Fordham University (АҚШ, 62-орын), Case Western Reserve University (АҚШ, 64-орын) және көптеген басқа да танымал жоғары оқу орындарынан озып шықты. Оған қоса, команданың меморандумдары 26-орынды иеленіп, әлемнің ең үздік меморандумдарының елулігіне кірді, ал спикерлер Зарина Темірболатова мен Мадина Артурова байқаудың ең үздік жүз спикерлерінің қатарына енді.

Команданың жеңіске жетуіне өз үлесін Айым Сабырова, Александра Платошина және Адиль Осипов секілді студенттер мен магистранттар қосты. Бұл жарысқа команда Университеттің Басқарма төрағасының орынбасары және Халықаралық құқық кафедрасының доценті Мирас Дәуленовтың, сондай-ақ дәл сол кафедраның аға оқытушылары Айман Смагулова мен Альберто Пекорароның басшылығымен дайындалды.