Төралқа төрағасы өз сөзінде 2013-2017 жылдар аралығында бизнесті қорғау бойынша 22 мыңнан астам арыз түскенін айтты. Кәсіпкерлердің 92 миллиард теңгеден астам мүліктік құқықтары қорғалған. 20 мыңнан астам заң жобаларына сараптама жүргізіліп, 6500-дейі ескерілген. Салық кодексіне әлеуметтік салықтың мөлшерлемесін азайту туралы өзгерістер енгізіліп, бизнестің жүктемесі жеңілдетілген.
«Бастау» жобасына жасалған бастамашылдықтар кең қолдау тапқан. Жобаның шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қалалар мен аудандарда бизнеспен айналысуға тартылған. Былтыр 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар кәсіпкерлік білім шықты. Нәтижесінде 3,3 мың қатысушы өз бизнесін ашып кеңейтті. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 937 адам қатысты.
Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев 2017 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталды. Өңірдің 27,6 мың ШОБ субьектілерінде 101,3 мың адам жұмыс істейді. 9 айда 323,6 миллиард теңгенің өнімдері шығарылды. Бизнестің 100 миллион теңгеден астам заңды мүдделері қорғалды. Халықтан 16 мың тонна сүт сатып алынып, өңдеу кәсіпорындарына өткізілді.«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы ауыл шаруашылық кооперативтері 1,1 миллиард теңгеге қаржыландырылды
Жергілікті кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілгене отырысында жүйелі түрде шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер де ортаға салынды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы