Бағдарламалар • 14 Сәуір, 2018

Астанада «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Астанада  «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға оқулықтарды қазақ тіліне аударған авторлар, Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары, оқытушы-профессорлар құрамы және докторанттар мен магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстел аясында «Рухани жаңғыру»бағдарламасының жүзеге асырылу барысының түрлі қырлары қарастырылды, бұл ретте басымдық Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасының таныстырылымында берген тапсырмаларына басымдық беруге назар аударылды.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ профессоры Қайрат Сақөзінің кіріспе сөзінде, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы жоғары рөлін атап өтті. Ол Факультеттің қазақ тілін латын қарпіне көшіруге жағдай жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларына ерекше назар аударды және жастарға арналған ғылыми жобалау мүмкіндіктері туралы айтты.

Еуразиялық интеграция институтының атынан директордың орынбасары Наталья Калашникова кіріспе сөз сөйледі. Баяндамашы Институт жүргізген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазақстандық қоғамда мемлекет жүргізетін жаңғырту процестерін қолдау жоғары деңгейде екенін атап өтті. Спикер студент жастардың ұлттық сананы жаңғыртудағы үлесі, «100 жаңа оқулық» жобасының өскелең ұрпаққа білім беру ісіндегі ерекше рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, президенттің білім беру мен ғылым салаларындағы «жалпыұлттық оқыту бесжылдығын жүзеге асыруға» мүмкіндік беретін стратегияға көзқарасы ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Мемлекет басшысына таныстырылған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған оқулықтармен толық танысуға мүмкіндік алды және оқулықтың аудармасының авторы, КазГЮУ қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлан Оралұлы Еркінбаевпен кездесті, ол жаңа басылымды аударуға кіріскен.

Кездесу барысында жаңа оқулықтармен білім алатын саясаттану кафедрасы магистранттары мен докторанттары сөз сөйледі.