14 Сәуір, 2018

Шымкентте 80 мың жеміс ағашы отырғызылды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының тұрғындары, әсіресе, жастар сенбі күні «Самал» шатқалына қарай ағылды. Онда «Бірге жарқыраймыз!» фестивалі барысында 80 мың жеміс ағашы отырғызылды.

Шымкентте 80 мың жеміс ағашы отырғызылды

Фестивальге қатысушыларға, сондай-ақ викториналық сұрақтар, жастар үшін «Энергиялық тиімді технологиялар әлеміндегі ойындар» квесті, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Соңында ауқымды флешмоб өтті. Айта кетейік, ұйымдастырушысы – БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қоғамдық маңызды бар бастамаларды дамыту қоры болып табылатын фестиваль өткен айдың соңында Астана қаласынан бастау алған болатын. Астанадан кейін эстафета Шымкент қаласына берілген-ді. Аталмыш іс-шараға ОҚО әкімі Ж. Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Н. Сауранбаев, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілінің кеңесшісі И.Горюнова қатысты.

- Шымкент – Қазақстанның ең жасыл қалаларының бірі. Қаламызда саябақтар мен гүлзарлар көп. Бұған қоса өңірімізде бірегей «Шатқал» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бағдарлама мегаполисіміздің айналасында жасыл белдеу қалыптастыруга мүмкіндік береді. Дәл қазір біз осы бағдарлама аясында бой көтерген қаладағы 11 саябақтың бірінде тұрмыз.

Алдағы уақытта осындай саябақтар дамып, Шымкент жасыл қала атауын одан әрі нығайта түседі деп сенеміз», – деді 38 гектар аумақты алып жатқан шатқалдағы ағаш отырғызу іс-шарасына қатысқан облыс әкім.

«Бірге жарқыраймыз!» фестивалінің эстафетасы Ақтөбе қаласына жолданды.

Еркін ДОСЫМБАЙ,

Оңтүстік Қазақстан облысы