02 Желтоқсан, 2011

Нақты иесін табатын болды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президент туралы сөйлегенде, толқымай кету мүмкін емес. Өйт­кені, ол – Қазақстанның тәуелсіз ел болуы­ның іс жүзіндегі негізін қа­лау­шы. Тәуелсіз мемлекетке тән бар­лық негіздер мен атрибуттар Мемлекет бас­шысының тікелей ара­ласуымен жа­салды.  Бір қо­ғам­дық-экономи­­ка­лық формациядан ек­іншісіне ауысу әлем­дік тарихта қантөгіссіз болған емес. Біздің ма­ңымыздағы жақын елдерде де түрлі атыс-шабыстар мен олардан адам­дардың тақсырет тар­туы және зардап шегуі орын алды. Тек бізде ғана бір оқ шықпай, бір адам қайғы шекпей бір формациядан екіншісіне ауысу жүзеге асты. Қазақстан жыл емес, тіпті ай да емес, күн өткен сайын ертегідегі батырлар секілді өсіп, аяғынан нық тұрды. Тәуелсіздік алғанымызға 10 жыл толғанда-ақ біз ешкімге жал­тақ­тамайтын берік ел бола­тыны­мыз­ға көзіміз жетті. Президенттің тәуелсіз ел орнату жолындағы сая­саты бар­лық сынақтарға төтеп беріп, барлық қиындықтарды еңсеріп кетті. Біз қазір әлемдік экономи­ка­ның ауқы­мы­на алқынбай еніп, да­мудың тұрақ­ты жолына түсіп от­ыр­мыз. Көптеген мәселелер бойынша халықаралық қо­ғамдастық Қазақ­стан­ды көшбас­шы ел ретінде та­ниды. Соның бәрі тек 20 жыл ішінде қол жеткізілген табыстар. Әрине, Президент Нұрсұлтан На­­­зарбаев өз халқын бақытты ету, елін еңселендіру идеяларын ғана басына сіңіріп қана қоймай, ойға алған­да­рын іс жүзіне асыратын аса дарын­­ды адам болмаса, мұндай та­бысқа жету тіпті де мүмкін болмас еді. Қысқасы, Нұрсұлтан Әбішұлы, қалай айтса да артықтық етпейтін жетістіктерге қол жеткізді. Сон­дық­тан бүгінгі марапат тіпті бұдан бес, тіпті он жыл бұрын берілсе де ор­ын­ды болар еді. Бірақ, «ештен кеш жақ­сы» демекші, айтулы марапат нақты иесін тауып отыр. Біздің шешіміміз жүрегіміздің түбіндегі ең асыл, ең ақ ниетімізден шыққанына иненің жа­суындай да күмән жоқ.  «Халық Қаһарманы» болуға ең лайықты жан Елбасы екені айдан анық жәйт. Александр САВЧЕНКО, Парламент Сенатының депутаты.