02 Желтоқсан, 2011

Пісіп-жетілген парасатты қадам

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елдің бірлігін, азаматтардың конститу­ция­лық құқықтары мен бостандық­та­рын қамтамасыз еткен аса жауа­п­ты тұлға. Жаңа Тәуелсіз мемле­кет­тің негізін қалаушы ретінде Президентті әлем мойындады, әлемдік саяси аренада Елбасының қайрат­керлігі мойындалды. Ол Қазақстан халқы тарапынан зор сенімге ие. Мемлекет басшысының кемел сараптауымен жүргізілген сыртқы және ішкі саясаты нәтижесінде Қа­зақ елі айтарлықтай экономи­калық өсуге, халықтың әл-ау­қа­тын арттыруға қол жеткізді. Бүкіл әлемдік қоғамдастықта биік беделге ие болды. Біз, Парламент Сенатының де­путаттары Қазақстан Республика­сының 2000 жылғы 30 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы ту­ралы» Конституциялық заңның І-бап, 3-тармақшасына: «Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы лауазымы мен мәртебесі бойынша айрық­ша ерекшелік белгісі «Алтын Жұл­дыз» және «Отан» ордені тапсы­ры­латын «Халық Қаһарма­ны» ата­­ғының иегері болып та­была­ды» деп өзгеріс енгіздік. Сондай-ақ, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік наг­ра­далары туралы» Заңға толық­тыру енгіздік. Мемлекет басшы­сының дана және сындарлы сая­сатының арқасында Қазақ елі әлемдік қоғамдастықта жоғарғы беделге ие болды. Оған өткен жыл­ғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық еткені жарқын дәлел. Қазақстан мүддесін ең алдыңғы орынға шығара білген Нұрсұлтан Назарбаев елімізді аса қысқа мерзімде әрі бұралаңы көп қиын кезеңде күллі әлемге таныта білді, төтелеп келген талай қи­ын­шылықтан алып шықты. Қазақ елі мен оның Көшбас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы абыройының биіктігі, беделінің асқақ, сөзінің өтімділігі мен пікірінің пайым­ды­лығы сияқты қасиеттерін дүние жүзі түгел танып, адамзат өрке­ниетінің алдындағы өрлігін мой­ындап отыр. Осы жылдары Президентпен бірге еңбек ету мен үшін өмірімнің есте қаларлық ерекше сабақтарына айналды. Біз бүгін Елбасының мәрте­бе­сіне арналған заңдарға өзгерістер енгізе отырып, Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президентіне «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдау арқылы барлық қазақстандықтардың өз Мемлекетінің басшысына деген тілегін орындадық. Біздің бұл шешіміміз тарихи шешім деп есептеймін. Нұрлан СҮЛЕЙМЕНОВ, Парламент Сенатының депутаты.