– Біз, міне, жиырма жыл бойына тұрақтылық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Жиырма жыл бойы еліміз ерекше дамып келеді. Осы жиырма жыл ішінде Қазақстанды дүние жүзі танып, білді, Елбасының сындарлы саясаты арқылы әлемге танылды. Жиырма жыл ішінде адам айтса нанғысыз орасан зор істер атқарылды, елдің бірлігі нығайды. Жаңа саясаттың арқасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы жан-жақты қамтамасыз етілді. Экономикамыз аяғынан қаз тұрып, қай салада болмасын өрлеу, өсу, өркендеу қанат жайды. Алыс, жақыннан, сонау шетелдерден келіп жатқан адамдар біздің еліміздегі айрықша жаңалықтар мен жаҺандық өзгерістерді байқап, өркениеттің өзегі орнаған Қазақстанға, осының бәрін жүзеге асырып жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі мен ерлігіне шын мәнінде таңданыстарын білдіреді. Өйткені, Елбасы біздің еліміздің Тәуелсіздігінің негізін қалаушы болып табылады. Демек, осының бәрі біздің Президентіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз екендігі даусыз. Сондықтан да халқымыз біздің Президентті аса құрмет тұтып, ерекше сенім білдірді. Ендеше, менің айтарым, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Үкметтің ұсынысын ең дұрыс шешім деп тауып, қолдайтындығымды білдіремін.
Юрий ЦХАЙ, Парламент Сенатының депутаты.