Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Петр Гузовски: Дамуға жетелейтін бастама

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бас­ты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақ­сарту деп білемін. 

Петр Гузовски: Дамуға жетелейтін бастама

Бастамалармен таныса келе, Қазақстан экономикасының дәуірлеуі заңды құбылыс екендігін аңғардым. Осы бастамалар арқылы Қазақстан әлеуметтік тұрақтылық­­ты нығайтып, ұлттық бірлікті бекемдей түсері анық. Бұл жаһандық экономикадағы жағымсыз жайттарға қарамастан елдің ішкі экономика­лық өсімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам деп есептеймін. 

Сондықтан «Президенттік бес бастама» уақыт талабы және көкжиегі көрінген нақты жоспар екендігіне сөз жоқ. Жалпылай алғанда, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары арқылы әлеуметке бейімделгенін, Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына сәйкес даму жолына түскен­дігін көрсетті. Сайып келгенде, бұл бастама­лар билік пен халықтың сенімді ара қатына­сының көрсеткіші болып отыр. 

Петр ГУЗОВСКИ,
Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы