Қазақстан • 17 Сәуір, 2018

Ішкі туризмді дамыту маңызды

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз орталығында кеше «QazaqGeography» ұлттық географиялық қоғамы РҚБ ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметі аясында ішкі туризмді дамыту жобалары туралы баспасөз конференциясы өтті.

Ішкі туризмді дамыту маңызды

Брифингке БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларға мем­лекет­тік мониторинг жүр­гізу­ басқармасының басшы­сы­ Раушан Мұқышева, «QazaqGeography» басқару­шы­­ ке­ңесінің төрағасы, «Назар­баев Университеті» ААҚ­ инновациялар жөніндегі ви­це-президенті Қанат Бай­ғарин, «QazaqGeography» халық­аралық және ғылы­ми жобалар бөлімінің менед­жері Нұржан Алғашов, Назарбаев Университеті National Laboratory­ Astana био­­­­­­фо­тони­ка және имиджинг зерт­­хана­сының кіші ғы­лы­­ми қыз­­мет­кері Ве­рони­ка Даш­кова қа­тысты. Қатысу­шылар бір­­лес­тіктің іш­­кі ту­ризм­ді дамыту бойынша қандай ша­­ралар жос­парла­п, нендей жұмыстар ат­қа­рғанын баян­дады.

Аталған қоғамдық бірлес­тік 2013 жылы құрыл­ған болатын. Содан бері сан-алуан жобалар қолға алынып, ішкі туризмге өз үлесін қосуда. Бірлестіктің биылғы жыл­ға­ бағыттаған шаруасы да аз емес екен.

«2018 жылғы маусым «Арал – 2018» ғылыми-та­ным­­­­­дық экспедициясынан бас­­­­талады. Сапардың бас­ты мақ­­саты – Солтүстік және Оң­түстік Аралдың гидро­био­­­логиялық әртүрлілігі туралы деректер жинау», деді Қ.Байғарин.

Екінші экспедиция – «Кие­лі Қазақстан» жыл сайынғы экс­педициялар топтамасы ая­сындағы Орталық және Шы­ғыс Қазақстанның киелі жер­леріне жасалатын сапар бол­мақ. «Киелі Қазақстан» экспедициялары рухани мұ­ра­ның ежелгі тарихи ны­сан­­дарын жан-жақты зерделеу­ге бағытталған. Сондай-ақ өткен жылы «Киелі Қазақстан» жо­басы аясында киелі орын­дар­­дың электонды атла­сын­­­ жасау мақсатында «QazaqGeography» тобы Қа­зақ­­­­станның киелі орындарын ара­­­лаған. Ал биыл ғалымдар ру­­хани мұраның 6 нысанын зерт­темек.

«QazaqGeography» соны­мен қатар Тұран жолбары­сын, Пржевальский жылқы­сын қай­та жерсіндіру және Ұлы­тау қорығын құру жобаларына қолдау көрсету бойынша жұ­мыстарын жалғастырады. Атал­ған жобалар 2014 жылдан бері іске асырылуда.

Назарбаев Университеті­нің вице-президенті Қ.Бай­ғарин­нің айтуынша, бұл Тұран немесе Балқаш жолба­рысының қайта туылу мәсе­лесін ғана емес, сондай-ақ таби­ғат пен экологияның тұ­­тас тізбегін қамтитын кө­­лем­­ді жоба: тізбек үстін­дегі жырт­қыштың немен қорек­те­нетінінен бас­тап, оның тір­ші­лік ету ортасының өсім­дік жабыны қандай болаты­нына дейін ескеріледі. Яғни, жоба мәселеге ғылыми тұр­ғы­дан қарау арқылы іске асы­рылмақ.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»