Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығы, баға мен сапаның үздік ара қатынасын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы ақпанға дейін әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.
«Біздің әуекомпания сервистің ең жоғары стандарттарына үздіксіз ұмтылады және мен «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына бақыттымын, – деді компания президенті Питер Фостер. – Мен TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін».
«Эйр Астана» жүйелі түрде рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшақтарынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздік әуе-компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.
«Эйр Астана» АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент