Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

ЭЫДҰ және Қазақстан

1829 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы міндетті алға қойған болатын. Бұл межеге жету үшін еліміз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бекіткен стандарттарына барынша жақындай түсуі қажет. Өйткені стратегияның негізгі межесі – үздік «отыздықтың» стандарты.

ЭЫДҰ және Қазақстан

Жалпы, ЭЫДҰ нендей ұйым? Оның құрамында кім­дер бар? Ұйым­ның стан­да­рттары қандай? «Тоғы­зын­шы территория» бұл іргелі бір­­­лес­тіктің төріне алшаң ба­­­­сып кіруі үшін қандай ба­ғыт­­­қа басымдық беруі тиіс? Біз бүгін осы сұрақтар төңіре­­­гін­де әңгіме өрбітуді жөн көр­дік.

Экономикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйымының іргетасы 1961 жылы қалан­ды. Құрылым екін­ші дүние­жү­зі­лік соғыстан зар­дап шек­кен «қарт құр­лық­тағы» ұлыс­­тарға кө­мек көр­се­ту­ді үйлестіру жұ­мы­­сы­мен ай­на­лысқан Еу­ро­палық эко­номикалық ынты­мақтас­тық ұйымының орны­­на кел­ді. ЭЫДҰ-ның мақсаты – өзі­не мүше ел­дер­дің өмір сүру деңгейін арт­тырып, жоғары және тұрақ­ты экономикалық өсімді қам­тамасыз ету. Ұйымның қыс­қаша түсініктемесі осы.

Әйтсе де, мұндай халық­ара­лық ұйымның құрамына кіру немесе оны­мен әріп­тес­­тік байланыс орнату бір­қа­тар артықшылықтар бе­ре­ді. Мә­­се­лен, ЭЫДҰ-мен әріп­тес­­тікті жолға қою – әлем­­­дік аренадағы абырой­ды ас­­қақ­татады. Сонымен қа­тар мүше мем­­лекеттермен өзара тәжірибе алма­су, ық­пал­дас­тық жұмыстары жүр­гі­­зіледі.

Қазіргі таңда ЭЫДҰ-ға 35 мемлекет мүшелікке енген. Кейінгі уақытта ұйым қа­тысушылар санын ұлғайту жө­нінде саясат ұстанып отыр. Соған сәйкес, бірқатар мем­ле­кет ЭЫДҰ-ға мүше бо­лу­ға құлшыныс танытуда. Қазақстан өзінің ұйымға мү­ше болу ниетін 2011 жылы біл­дірді.

Еліміздің іргелі ұйыммен ынты­мақ­тастығы 2010 жыл­дан бастап жан-жақты жүр­гі­зіліп келеді. Осы бағыт­та­­ғы жұмысты үйлестіру үшін Үкі­мет қаулысымен ЭЫДҰ-мен өзара іс-әрекет жө­ніндегі кеңес құрыл­ды. Ал 2013 жылы Ортаазия­­­лық Бастамасының тең төр­ағасы өкілеттігіне қабыл­дан­ды. Осылайша, Қазақстан ұйымның басқару органы­ның құрамына кірген ЭЫДҰ-ға мүше емес тұңғыш мемлекет атанды.

Іргелі ұйыммен Қазақ­стан ара­сын­дағы ын­ты­мақ­тастық негізгі екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірін­шісі – бірлескен жобаларды іске асыру. Екінші басымдық ЭЫДҰ коми­тетімен ынты­мақ­­тастықты терең­де­ту­ге ба­ғыт­талған. ЭЫДҰ ұсы­­ныс­та­ры мемлекеттік бас­қару, ша­­ғын жә­не орта би­з­несті да­мыту, бәсе­ке­лестікті ны­ғайту, қосылған құн жер­гілікті тізбегі мен жасыл қаржы­лар­ды да­мыту тәрізді ба­ғыттар бойын­ша құ­ры­лы­м­дық реформаларды жүр­­гі­з­уге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстан мен ЭЫДҰ арасын­дағы тәжірибе алма­су­дың сапалы платформасы – Ын­тымақ­тас­тықтың елдік бағдар­ла­­ма­сы аясында белсенді өза­ра тиімді іс-қимыл жасалып келеді. Ұйым аталған бағ­дар­ламаны 2018 жылға дейін ұзартқан болатын. Былтыр Алматыда өткен «Ортақтаса гүлденуге ашық нарықтар» тақырыбындағы Еуразия апталығында ЭЫДҰ тарапы Қазақстанның Білім беру саясаты жөніндегі комитетте «Қатысушы» деңгейіне дейін және Құрыш коми­те­тінде «Қауымдастырылған мү­ше» дең­гейіне дейін өз мәр­тебесін арттыру жолында сапалы жұмыстар жүр­гізіп жат­қанына назар аударған-ды. Бұл да халықаралық ұйым­мен ын­тымақтастықтың да­муына оң ықпал беретін көр­сеткіштер.

2016 жылғы наурызда ЭЫДҰ мен «Қазақстан Респуб­ли­касының монополияға қар­сы заңнамасы мен саясаты­на шолу» жүргізу туралы ке­лі­сім­ге қол қойылған-тұғын. Көп ұзамай еліміз ұйымның Бәсекелестік жөніндегі коми­те­тіне қаты­су­шы ретінде кірді. Бұдан бө­лек, Қазақстан ЭЫДҰ-ның бірқатар коми­тет­терімен ын­ты­мақтас­тық орнатқан.

«Назарбаев универ­си­тет­­тің» Мемлекеттік саясат саласындағы философия док­торы, профессор Колин Нокс­тың пайымдауын­ша, тәу­елсіздік алғалы бері Қа­зақ­­станда атқарылған ауқым­ды өзгерістер өте көп. Со­лар­­дың бірі – дамыған отыз ел­­дің қатарына кіру мін­деті. Де­генмен К.Нокс «тоғызы­н­шы территорияны» тізімнің ба­сындағы мемлекеттермен са­лыстыру дұрыс емес екенін айтады.

«Қазақстанды өзімен деңгейлес елдермен салыс­тыру керек. Мәселен, Қазақ­стан­ды әлемнің дамыған 30 елінің 26-30 сатысына жай­ғасқан мемлекеттердегі жағ­дай­мен бағам­дап көрген жөн. Содан кейін қай салаға көңіл бөлу керек екені нақты­ла­нады. Өйткені Қазақстан сол 26-30 орындағы елдерді тізімнен ығыс­ты­рып шығуы тиіс», дейді ол.

Жалпы, ЭЫДҰ-ның стандартына теңесу оңай емес. Мысалы, ұйым құрамына кірген мемлекеттердегі ішкі жалпы өнімнің жылдық өсімі төрт пайыздан кем болмауы тиіс. Инвестиция көлемі 30 пайызға дейін жетуі қажет. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның ұпайы түгел. Былтыр ІЖӨ көлемі кей тоқ­санда 4,3 пайызға жетсе, жал­пы жыл қорытындысы бойынша
4 пайызды құрады.

Инвестиция салу жөнінен де Қазақстан әлем назарын өзіне ауда­рып отыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін деректерді сөйлетейік. Мәсе­лен, 2017 жылғы 10 айда құны 300 миллиард теңгеден асатын ке­лі­сім­дерге қол қойылды. Әлем­дік банк пен Халықаралық қаржы кор­по­­рациясының Doing Business рей­­тингінде Қазақстан 35-ші са­ты­ға жай­ғасқ­ан. Оның ішінде, «Ми­но­­ри­тарлық инвесторларды қор­ғау» көр­сеткіші бойынша үшінші, «Ке­лі­сімдерді орын­д­ауды қамтамасыз ету» көр­сет­кішінде тоғызыншы са­ты­ға жайғасқан. Бұл – елімізде инвес­торларға жасалған жайлы жағдайды көрсетеді.

Әйтсе де, әлі де бағын­ды­ратын белестер жетерлік. Был­тыр денсаулық сақтау са­ла­сына бөлінген қаражат ІЖӨ-нің 3,6 пайызын құрады. Ал ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерде бұл меже орта есеппен 8,9 пайызды құрай­ды. Бірақ осы салаға жылдан жылға бөлін­ген сома көлемі артып келеді. Мәселен, 2014 жылы денсаулық сақтауға бөлінген қаражат ІЖӨ-нің 3,1 пайызын құрады. Биыл 1 070,3 миллиард теңге бөлінді.

Қысқаша айтқанда, ЭЫДҰ-ның стан­дарттарынан асып түсетін, кей жерлерде сәл жет­пей қалатын тұс­­та­рымыз бар. Алайда оның бә­рі ке­зең-кезеңімен атқа­ры­лады. Қазіргі таң­дағы көрсеткіштер, жүргізіліп жатқан жұмыстар, дамыған отыз ел­дің қатарына кіру міндеті орындалып келе жат­қанын көрсетеді. Енде­ше, осы бағыттағы биік меже­ні ба­ғындыру уақыттың енші­сін­дегі шаруа.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»