Әлем • 19 Сәуір, 2018

Журналистерге арналған халықаралық семинар өтті

215 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі шеңберінде Нью-Йоркте Орталық Азия елдерінің сая­саттанушылары мен журналистеріне арналған халықаралық семинар өтті.

Журналистерге арналған халықаралық семинар өтті

Апталық семинарды Қа­зақ­стан Сыртқы істер ми­нис­трлігі БҰҰ Хатшылығымен және Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақстан, Қыр­ғызстан, Тәжікстан және Өзбек­стан редакторлары, тілші­лері мен сарапшылары БҰҰ Қа­уіп­сіздік Кеңесінің жұмысы­мен, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретіндегі Қазақстанның қыз­метімен, сондай-ақ бұқаралық ақ­парат құралдарында БҰҰ жұ­мысын жариялаудың ерекше­лігімен таныстырылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 17 қаң­тар­­дағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне арнаған саяси Үндеу­ін­де Ор­талық Азияның бар­лық мем­лекеттерінің «өңір­дің тұрақ­ты­лығы мен қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету, ынты­мақ­тастықты нығайту және оның артуы мен дамуын қолдау бойынша» мүдделерін ілгерілетуге деген ниетін баса атап өткен. Се­ми­нар Орталық Азия мен БҰҰ ара­сындағы гуманитарлық бай­ла­ныстарды нығайту, бейбіт­шілікті, қауіпсіздікті және тұ­рақ­ты дамуды нығайту бойынша ұйымның жұмысымен танысуға мүмкіндік туғызуға бағытталды.

Журналистер мен сарапшылар БҰҰ-дағы дүниежүзілік БАҚ өкілдіктерін аралап, сондай-ақ Таяу Шығыс мәселелері бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырыстарына және Африка бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің брифингтеріне қа­тыс­ты. БҰҰ Бас хатшысының ком­муникациялар бойынша орын­басары Алисон Смейл бүкіл әлемдегі БҰҰ ақпараттық орта­лық­тарының жұмысы туралы әңгімелесті.

Сонымен қатар Нью-Йоркте орталықазиялық делегация БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасының Еу­ропа мен ТМД елдері бойын­ша аумақтық бюро директоры Джихан Сұлтаноғлумен, Тер­роризммен күрес жөніндегі БҰҰ кеңсесі директорының орынбасары Стивен Сикуерамен, «Security Council Report» халықаралық үкі­меттік емес ұйымының басшы­лығымен кездесті.

Қазақстанның БҰҰ жанын­дағы Тұрақты өкілі Қайрат Ома­ров кездесу кезінде БҰҰ ҚК-дегі қазақстандық мүшеліктің ба­сым­дықтарын түсіндірді. Сондай-ақ дипломат 2018 жылғы қаң­тар­­дағы Қазақстанның осы орган­дағы төрағалығының қоры­тын­ды­ларымен, оның ішінде жер­гілік­ті ахуал мен тенденция­лар­ды білу үшін БҰҰ ҚК деле­гация­сының Ауғанстанға сапа­рының нәтижелерімен таныс­тырды.

«Егемен-ақпарат»