Қазақстан • 19 Сәуір, 2018

Астанада өңдеуші өнеркәсіп одағының баспасөз конференциясы өтті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада өңдеуші өнеркәсіп одағының баспасөз конференциясы өтті

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Өңдеуші өнеркәсіп одағының баспасөз конференциясын өткізді. Іс-шараға, одақ басқармасының төрағасы Марат Баққұлов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов, «Қазақстанның фармацевтік және медициналық өнім өндіру­шілер қауымдастығы «Қазақ­станның Фарм МедИндустриясы» заң­ды тұлғалар бірлестігінің пре­зиденті, одақ басқармасының мүшесі Руслан Сұлтанов, «Қа­зақ­стан Республикасы жи­һаз және ағаш өңдеу өндірісі кәсіпорындарының қауым­дас­тығы» заңды тұлғалар бірлес­тігінің вице-президенті, одақ басқар­масының мүшесі Игорь Про­ценко, одақтың атқарушы дирек­торы Әділбек Бектібаев қатысты.

Өңдеуші өнеркәсіп одағына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палата­сында тіркел­ген алты са­лалық бірлестік кіреді. Өн­деу­ші өнеркәсіп одағы машина жа­сау кәсіпорындарын және машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, лифт, жиһаз, целлюлоза-қағаз және орау өнеркәсібі салаларында әртүрлі жоғары технологиялық өнімдерді шығарумен айналысатын 243 компанияны біріктіретін алты салалық ассоциацияны біріктірді.

Заңды тұлғалар бірлестігі Қазақстан экономикасына қомақты үлес қосқан компанияларды нығайтты. Олардың ішінде танылған флагмандар – «Alageum Electric» АҚ және «ASTANA Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС. Басты мәселе: неге біз бірігуіміз керек болды? Елдің экономикалық дамуы өңдеуші өнеркәсіп секторын жаңғыртусыз мүмкін емес», деп атап өтті М.Баққұлов.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»