Брифингті ашқан «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары,қалалық мәслихат депутаты Станислав Канкуров өз сөзінде Елбасымыз жергілікті билік органдары тұрғылықты халықпен тығыз байланыста болуларын қадап айтқанын ауызға ала отырып, мемлекеттік органдар атқарып жатқан жұмыстары үшін, партияның дәйекті тақырыптарына орай істеліп жатқан жұмыстарын ортаға салуға тиімді жол болуға алаңқай ұсынуға қолайлы мүмкіндік жасап отырғанын сөз етті.
Осы орайда бүгінгі брифинг барысында өзекті тақырыпты сөз етіп отырған Мақсұт Исақов қаладағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу мәселелеріне тоқталып кетті.
"Қазірдің өзінде Наурызбай, Алатау, Бостандық аудандарының аумағында қызу қолға алынған жұмыстардың жанданып жатқанын айтты. Қала бойынша аялдамалық алаңқайлардың аяқталып қалғанына тоқталды. Абай даңғылы ұзара түсетінін,ал, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы алдағы күндері Алматы 1 вокзалына қарай жалғасатынын сөз етті. Келбетті Алматының көрікті көшелері әдемі әспетін алдағы күндері бұрынғыдан да жарқырай түсетін болады" деді Мақсұт Исақов.
Алматының айшықты жолдары 155 шақырымға ұзарып, биыл 157 көше көріктене түседі.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ