Президент Жогорку Кенештің Қырғызстан Үкіметіне сенімсіздік білдіруіне байланысты Қырғызстан Республикасы Конституциясының 85-бабы 6-бөлігі, «Қырғызстан Республикасының үкіметі туралы» заңының 13-бабы 1-бөлігі 5-тармағын басшылыққа ала отырып, Қырығызстан Республикасының үкіметін отставкаға жіберді.
Жарлыққа сәйкес, министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанған дейін Премьер-Министр, вице-премьер-министрлер, Үкімет мүшелері бұрынғы қызметтерін жалғастыра береді. Президенттің Жарлығы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.