«Осы тарихи оқиға қарсаңында біз ескерткіштің басты авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханға жолығып, бірнеше сауал қойған едік» дейді газет тілшісі Самат Мұса.
«Шота аға, осындай монумент орнату идеясы қайдан туындады?» деген сұраққа ескерткіш авторы былай деп жауап берген: «Мен 1993 жылы үкімет делегациясы құрамында Мысырда болдым. Сол жолы біздің дәуірімізге дейінгі көне ескерткішті көріп тамашаладық. Бұл ескі дүние Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қатты ұнаған, мүмкін әсер еткен болуы керек, маған: «Тәуелсіздігімізге байланысты осындай бір ескерткіш орнатпаймыз ба? Ойланып көріңіз!» – деді. Сөйтіп ой салған, идея тастаған Президентіміз болатын. Елге келген соң Мәскеу, Санкт-Петербург және Алматы қаласында оқыған өнерпаз, талантты жастардың басын қосып, ақылдастым. Нәтижесінде «Тәуелсіздік» кешенінің тұжырымдамасы жасалды. Көркемдік шешімі шығарылды. Содан кейін мүсіншілер Әділет Жұмабаев пен Нұрлан Далабаев, сәулетші Қазыбек Жарылғапов, тағы басқалар белсене іске кірістік.
– Монументтің Республика алаңында орнатылуының сыры неде? Бұл орын тектен-тек таңдап алынбаған болар?
– Осы сауал әуелде бізді де мазалаған-тұғын. Кешен қай жерде тұру керек деп тұйыққа тірелген сәтімізде бізді тағы да Президентіміз құтқарды. «Ақ орданың» қарсы алдына орнатайық, – деді ол. – Жастардың Желтоқсан көтерілісі осы жерде өтті ғой».
– Тәуелсіздік кешенінің композициясын жасағанда қандай жәйттерге арқа сүйедіңіздер? Және олар нені білдіреді?
– Әуелі дүние жүзіндегі осы салаға қатысы бар өнер туындыларын зерделеп, ой елегінен өткіздік. Жалпылама бір шолып шықтық. Осы тақырыптағы ескерткіштердің Еуропада өз дәстүрі, Шығыста өз ерекшелігі бар. Мәселен, Еуропада ескерткіш белгілер салуға көбінесе ғимараттардың тіреуіші – колонна пайдаланылады. Үлкен тарихи оқиғаларға орай ескерткіш белгі орнатуды сонау ертедегі Египеттен көреміз. Римде император Троянға, Париждің Вандам алаңында Наполеонға, Лондонның Трафальдар алаңында Нельсонға арналған ескерткіштер бар. Бірақ олардың барлығы жоғарыда айтып кеткен әдіс бойынша орнатылған.
Шығысты алсақ, көне түріктен қалған діңгек тастар жеткілікті. Оған мысал ретінде Күлтегіннің, Тоныкөктің құлпытасын айтуға болады. Біздің қазақ жерінде де бейнелі тастарды аз кездестірмейміз. «Тәуелсіздік» кешенінің алғашқы жоба композициясын жасағанда оның қазақтың қолөнеріне суарылған дүние болып шығуын ойластырдық.
Кешеннің орталық композициясы діңгек тастан (стелла) тұрады. Биіктігі – 28 метр. Діңгектің ұшар басы әлі бүршік атпаған, қауызы ашылмаған гүлдің күлтесі сияқты болып біткен. Ал оның басына барыстың үстінде тұрған сарбаздың бейнесі орнатылған. Оң қолында қонған құс, сол қолында ұстаған садақ бар. Арт жағындағы асып алған қорамсаққа үш алтын жебе салынған».
Ескерткіштің басты авторы Шот-Аман Уәлихан тілші Самат Мұсаның сұрағына осылай деп жауап берген.

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Технология • Бүгін, 17:00
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28