03 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздік шежіресі

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан». 1996 жыл. Дүйсенбі, 16 желтоқсан.

Президенттің өз қолынан жоғары наградалар алды «Егемен Қазақстанның» осыдан 15 жыл бұрынғы, яғни 1996 жылдың 16 желтоқ­са­нын­дағы нөмірі жоғары­да­ғы­дай тақырыппен ашы­лыпты. ҚазТАГ-тың бұл хабарында желтоқ­сан­ның 15-інде Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз резиденциясында қа­зақ­стан­дық­тардың бір тобына Мемлекеттік наградаларды тапсыр­ған­ды­ғы, бұл наградаларға олардың Отан­ға сіңірген еңбектері үшін және республика тәуелсіздігінің бес жыл­ды­ғына байланысты ие болғандығы айтылады. «Осы салтанатты рәсімді аша келе елі­міз­дің басшысы егемендіктің бес жылы оңай­лық­пен өтпегенін айтты. Алайда наградамен атап өтілген азаматтардың бәрі де жүргізіліп жат­қан реформаларға белсенді қолдау көрсетті, мемлекетті нығайтысты, халықпен бірге оның уайымы мен шаттығын бөлісті. Халық әртісі Роза Бағланова, Қайрат Рысқұлбековтің ана­сы Дәметкен Асанбаева Президенттің қолы­нан «Халық қаһарманының» Алтын Жұл­ды­зын алды. Дәметкен ананың ұлына бұл жо­ға­ры награда 1986 жылғы Желтоқсан оқиға­ла­рын­да Республика азаттығы мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін, қайтыс болғаннан кейін беріліп отыр» делініпті. Хабарда «Отан» ордені «Қазақстан жолдары» АҚ президенті Шәміл Бекболатовқа, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік ака­де­мия­лық опера және балет театрының бас режиссері Байғали Досымжановқа, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Әбдуәли Хайдаровқа тапсырылғандығы, ҚР Әскери Әуе Күштерінің қолбасшысы Мұ­хамед­жан Ыбыраевқа «Даңқ» ордені берілгендігі айтылады. Ал белгілі өнер және мәдениет қайрат­керлері Әлібек Дінішев, Кәукен Кенжетаев, Мүлік Сүртібаев, ақын Леонид Кривошеков, Алматы қаласының әкімі Шалбай Құлмаханов, суретші Сабыр Мәмбеев, журналист Валерий Михайлов, мүсінші Хакімжан Наурызбаев, Пар­ламент Сенатының депутаты Дәулет Сембаев, Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің кафедра мең­геру­шісі Майя Шығаева «Парасат» орденіне ие болыпты. Осындай құрметке республикамыздың бас­қа да көптеген азаматтары бөленген. Бетті әзірлеген  Сұңғат ӘЛІПБАЙ.