Менің ойымша, қосымша гранттардың бөлінуі, әсіресе техникалық мамандықтарға басымдық берілуі жастар үшін үлкен мүмкіндік. Болашақты нанотехнология мен робот-техниканың қолында деп есептесек, біздің жастар заман көшінен қалмауы тиіс.
Сондай-ақ жатақхана салу туралы мәселе дер кезінде көтерілді деп есептеймін. Өйткені қазір әрбір оқу орындарының басыбайлы жатақханасы жоқ, ал пәтер жалдап тұруға шалғай ауылдан келген жастардың қаржылары жете бермейді. Басында баспанасы бар жастарымыз пәтер үшін алаңдамай, тек оқуға ден қоятыны рас.
Мен Мемлекет басшысының жастар үшін барлық мүмкіндікті жасап жатқандығына қуаныштымын.
Раиса МӘДЕНОВА-ХВАН,
Маңғыстау облыстық «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы