Қазақстан • 25 Сәуір, 2018

Электронды декларациялау – заман талабына сай жүйе - Әліби Ержанов

318 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының «Ұлт жоспары – бес инс­ти­туттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 37-39-қадамдарын жүзеге асыру мақсатында Мем­лекеттік кірістер органдарына бірқатар жауапты міндет жүктелген.

Олар – экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту барысында «Бір терезе» қағидатын енгізу, электронды декларациялау жүйесін дамыту, экспорт пен импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту. 

Осыған орай кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі «АСИКУДА» платформасының негізінде «Астана-1» бағдар­ла­масында электронды кедендік ресімдеудің іске асырылуы 2018 жылдың сәуір айынан бас­тап толықтай жүзеге асырылды деуге болады. Электронды декларацияның бірінші кезеңі 2017 жылдың 1 қазанынан «кедендік транзит» рәсімін енгі­зуден басталса, екінші кезеңі 2018 жылдың 1 қаңтарынан «экс­порт» кедендік рәсімін енгізу­мен жалғасын тапты. Ал 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларды барлық кеден­дік рәсімдерде электронды декларациялауға көшірілді.

АSYСUDA AS – жаңартылған платфор­масының жаңартылған ASYCUDA  ЮНКТАД  World жүйесі әлемнің 95 елінде енгізілген. Ол Doing Business рейтингінде Дүниежүзілік кеден ұйымы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына және стандарттарына толықтай сәйкес келеді. «Астана-1» автоматтық жүйесін енгізудің негізгі мақсаты кедендік ресімдеу кезіндегі процедураларды жеңілдетуге бағытталған. Бұл жүйе өзін-өзі тіркеу, қашықтан электронды декларациялау, қағазсыз тауар-ілеспе құжаттары, электронды төлемдер, кеден бекеті мен тауарды жеткізу орнын таңдау және сол секілді басқа да функцияларды атқарады.

«Астана-1» АЖ конфигурациясы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ЕурАзЭҚ-тың жаңа Кеден кодексінің нормаларына сай келеді. Ал қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша МКД-мен 12 000-нан аса декларация ресімдеуден өткен, оның 85 па­йызы кеден қызметкерінің қатысуынсыз автоматты түрде шығарылған. Осыған дейін тауар декларацияларының шығарылуына орта есеппен 30 минут жұмсалса, аталмыш жүйеде ке­ден­дік ресімдеуге небары 1 минуттай уақыт қажет. Ақпараттық жүйеде индикаторлар іске қо­сылған жағдайда, қосымша құжаттар сұраты­лып, оларды қашықтықтан ұсынуға мүм­к­індік береді. Сонымен қатар кедендік ресім­деу процестерін автоматтандырудың осын­дай шаралары сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудегі негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Сөз орайы келгенде,  қазіргі кезде сыртқы эко­номикалық қызметке қатысушылардың тара­пынан аталмыш электронды деклара­ция­лаудың артық­шылықтары туралы көптеген жағымды  пікірлер түсіп жатқанын айтып өткеніміз жөн. 

Әліби ЕРЖАНОВ,
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер  департаменті кедендік бақылау басқармасы кедендік

декларациялауды бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы