Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Мұнымен қоса, велошеруге «Астана» Президенттік клубының «Astana Pro Team» кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ жеке жарыста Азияның екі дүркін чемпионы болып табылады.
Айта кетейік, алаңда велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады, құны – 500-1000 теңге.
Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, әр қатысушыға энергия мен жақсы көңіл күй сыйлайтын спорттық жаттығулар жасалады. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.