Румыниядан келген делегациямен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов кездесті. Шетелдік қонақтардың келудегі басты мақсаты - екі ел арасындағы тығыз іскерлік және сауда-экономикалық ынтымақтастық орнату.
Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чезар Маноле Армянудың айтуынша, Қазақстан мен Румынияны ұзақ мерзімді сауда қатынастары байланыстырады.
- Атырау облысымен ынтымақтастық сандармен ерекшеленеді - біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді, сонымен қатар, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық да дами түсті. Мысалы, Атырау облысынан Еуропаға экспортталатын мұнай Румынияға келеді, онда ол екі мұнай өңдеу зауытында өңделеді,- дейді Чезар Маноле Армяну.
Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісінің айтуынша, шетелдік қонақтар Қазақстанмен әртүрлі салада - ауыл шаруашылығында, білім саласында, IT технологиялары саласында серіктестік орнатқысы келеді.
-Өңірге келу барысында екі келісім-шартқа қол қойғымыз келеді –бірі Атырау мұнай және газ университетімен мұнай-газ саласындағы білім бағыртындағы жобаларға, екіншісі - Прахов қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында. Сондай-ақ, Атырауда Румынияның құрметті консулдығын ашқымыз келеді, - дейді шетелдік делегация басшысы.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов румындық делегацияның бастамасын қолдайтынын айтып, барлық бастамаларға сәттілік тіледі.
- Бүгін бізді Атырау облысының бизнес қауымдастығымен, Атырау мұнай және газ университетінің ректорымен, Атырау облысының ҰКП өкілдерімен кездесу күтуде, өзге де бастамаларыңыз қолдау табатынына сенімдімін », - деді Сағындық Лұқпанов.